Қазақстанда Кітапханашылардың кәсіби мерекеcі 23 сәуірге белгіленді. Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күнімен сәйкес келеді.
Мерекелердің осылайша бір күнге тоғысуы оның мән-маңызын арттыра түсіп, кітапханалардың білім тарату мен мәдени мұраны сақтаудағы орны ерекше екенін айқындайды. Кітапханашы – тек кітап сақтаушы ғана емес, білімнің жарығын таратушы, даналықтың қазынасын қорғаушы, ұрпаққа рухани азық сыйлаушы.
Айта кетейік, бұл күн ЮНЕСКО бекіткен Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен де сәйкес келеді.
Елімізде бастау алған «Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.
Мереке аясында өтетін іс-шаралар:
- 16 сәуір – «Кітап оқитын ұлт — Читающая нация» жоба аясында «Кітап оқитын универистет» байқауында университет студенттерінің тест тапсыру кезеңі.
- 17 сәуір – Университеттер арасында кітапты басқа жоғары оқу орнына табыстау челлендж-эстафетасы
- 17 сәуір – «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында тестілеудің қорытындысы, студенттерді марапаттау, Басқарма мүшелері, профессор-оқытушылық құрамы, әкімшілік құрылым басшылары мен студенттердің қатысуымен өтетін «Кітап алмасу акциясы»
- 17-23 сәуір – Бас ғимараттың жалпы оқу залында «Кітап әлеміне шақырамыз» жаңа басылымдар көрсетілімі
- 20 сәуір – Жас таланттардың шығармашылық алаңы «Үкілі үміт» клубымен ұйымдастырлатын оқырмандарға «Жұмбақ жасыру»
- 23-24 сәуір – «Кітап мекеніне саяхат» ашық есік күні





