14 мамыр күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде «Көшпенділер эстетикасы: ұлттық бірегейлік код» кітабының таныстырылымы өтті.
Бұл еңбек – Ұлы Дала өркениетінің эстетикалық әлемін, ұлттық сана мен мәдени жадының сабақтастығын жаңаша зерделеген құнды зерттеу. Кітапта көшпенділердің дүниені қабылдау ерекшелігі, ұлттың рухани коды, тарихи-мәдени мұраның бүгінгі қоғамдағы орны терең ғылыми пайыммен өрілген.
Баяндамашылар қатарында филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Сембин, суретші-иллюстратор Қалдыгүл Жаныбаева, тарихшы Зифа Қарақұлова, философия ғылымдарының докторы Альмира Наурызбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Ақсұңқарұлы және өзге де зиялы қауым өкілдері болды. Олар көшпенді мәдениеттің философиялық тереңдігі, эстетикалық әлемі мен ұлттық болмыс қалыптастырудағы орны жөнінде тағылымды ой қозғады. Іс-шара соңында университет кітапханасына жаңа кітаптар табысталып, қонақтар мен








