Menu Close

Астана халықаралық кітапханалық қоғамдастықтың орталығына айналып- IFLA-2025 өтуде.

Астана халықаралық кітапханалық қоғамдастықтың орталығына айналып- IFLA-2025 өтуде.
Астанада 18-22 тамыз аралығында Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған IFLA 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгрес өтіп жатыр. Іс-шара әлемнің 114 елінен 1600-ден астам қатысушыны, соның ішінде кітапхана жетекшілерін, зерттеушілерді және ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшыларды біріктірді. Конгресстің негізгі тақырыбы — “Білім байланысы, болашақты құру” – кітапхана қауымдастығының инновацияға, цифрландыруға және халықаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстанды кітапхана саласының жетекші мамандары, оның ішінде академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты.
ИФЛА 1927 жылы Эдинбургте (Шотландия) құрылған. 1971 жылы Нидерландыда ұйымның Жарғысы қабылданды. Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер Федерациясының (IFLA) штаб-пәтері Гаагадағы Нидерланды корольдік кітапханасында орналасқан.

IFLA
« of 5 »