| 2022 жылдың 10 — 18 наурыз аралығында Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті Ғылыми кітапханасы барлық факультеттердің 3 курс студенттері үшін «Рефераттан курстық жұмысқа дейін, курстық жұмыстан дипломдық жұмысқа«атты диплом жазушылар күнін өткізуде. Кітап-иллюстрациялық көрмелер ұйымдастырып, электрондық ресурстарды пайдалану, дипломдық жұмыстардың тізімдерін жасау, электрондық каталогта және электрондық кітапханада тақырыптық ақпаратты іздеу бойынша консультациялар жүргізуде. |